KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Пәтер мәмілесі: ШҚО-да жоғары өсім байқалды

сурет: ortcom.kz

12.03.2024, 09:06 75 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың ақпан айында пәтер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды. Қаңтар айындағы көрсеткішпен салыстырғанда мәміле саны 4,4 пайызға (1128 мәмілеге) азайған. 

Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында болды.

2024 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі былтырғы ақпанмен салыстырғанда 26,6% көбейген, ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын. 

Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді, ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7%. 

Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санының 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.

Көпқабатты үйлердегі пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив