Баспана бағасы қалай өзгерді?
Фото: egemen.kz
Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы ахуал жөнінде мәлімет ұсынды.
Биылғы және былтырғы қыркүйек аралығындағы бағаны салыстырғанда жаңа тұрғын үйлер 5,7% қымбаттады, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 3,9% төмендеген, деп хабарлайды Altaynews Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу 0,2% төмендеді. Жаңа салынған үйлер едәуір қымбаттаған өңірлер:
Павлодар – 18,9%,
Семей – 16%,
Ақтау – 11,7%.
Қолданыстағы баспананың бағасы ең көп көтерілген қалалар:
Семей – 25,3%,
Қызылорда – 14,6%,
Талдықорған – 9,7%.
Тұрғын үйді алып-сату бойынша биылғы қыркүйек айында 35 398 мәміле жасалған. Оның ішінде жеке үйлер – 8 815, көппәтерлі үйдегі баспана – 26 583.
Биылғы қыркүйекте баспана сату-сатып алу келісімдері былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 2,3% азайған, ол кезде 36 241 мәміле ресімделген екен.