Биыл жол мен жылу көздері жөнделеді
сурет: privadmin.ru
Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды. Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Сондай-ақ еліміздің жол желісін дамыту бойынша Президент айтқан 12 мың шақырым автомобиль жолдарын реттеу үшін Үкімет ағымдағы жұмыстардан бөлек, қосымша 2,5 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін шамамен 1 трлн теңге инвестиция бағытталатын болады. Бұл жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық республикалық жолдардың үлесін 93%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ 24 мың жаңа уақытша және тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.