KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

22 наурыз – Жыл басы

t.me/nauryznama

22.03.2024, 10:00 127 Назерке Каримова

Жыл басы – бұл әрбір қазақстандық өз мәдениеті мен тарихының өзегіне оралатын уақыт.

22 наурыз – халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына қайта оралудың символы әрі жаңа тарихи кезеңді бастауға дайындық, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Барлық қалалардың басты алаңдарында этноауылдар құрылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеді. Бұл күні біз ата-баба әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін тамашалап, өткеннің рухын сезінеміз.

Сонымен қатар, әр қалада және елді мекенде «Наурыз стиліндегі ең креативті безендіру», «Наурыз стиліндегі ең әдемі көше» халықтық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау шаралары ұйымдастырылады.

Бұл іс-шаралардың маңызы – тарихымызды жалғастырады, өткенмен байланысты нығайтады және болашаққа жол ашады. Бұл күні біз халқымыздың ауызбірлігі және ежелгі дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды сақтай отырып, барлық сын-қатерлерден бірге өтуге дайын екендігімізді атап өтеміз.

Жыл басы – күнтізбедегі қатардағы күндердің бірі емес. Бұл – қоғам өміріндегі ерекше сәт, біз бұл күні мерекелік қуанышпен бас қосып, тарихымыздағы жаңа кезеңнің басталуын мақтанышпен атап өтеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив