KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Халықаралық турнирдің финалына 9 боксшымыз шықты

instagram/boxingkazakhstan

23.03.2024, 17:00 93 Назерке Каримова

Литваның Каунас қаласында Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың тоғызы финалға шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM ақпаратына сүйеніп.

Олар:

  • 54 кг Нұрсұлтан Алтынбек
  • 57 кг Асылжан Серікбай
  • 60 кг Алмат Әбдуәли
  • 63,5 кг Жандос Қыдыралиев
  • 67 кг Елнұр Сүйінбай
  • 71 кг Фарух Тохтасунов
  • 75 кг Азамат Бектас
  • 80 кг Тұрсынбай Құлахмет
  • 92 кг Абзал Құттыбеков

Турнирге аттанған 11 боксшының арасындағы Даниял Сабит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (92+ кг) жартылай финалда жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.

21 наурыз күні басталған халықаралық турнир, бүгін, яғни 23 наурыз күні мәресіне жетеді. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив