Қазақстандық дзюдошылар командасы 2-орында
instagram/kaz_judoteam
23-24 наурыз күндері Словакияның Шаморин қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті.
Жерлестеріміз 21 ел ішінде 2-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Маусымның алғашқы жарысында қазақстандық дзюдошылар 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21 ел ішінде жалпыкомандалық есепте 2-ші орыннан көрінді.
1-орын Ғабит Расулхан (50 кг)
1-орын Батырғали Ернұр (55 кг)
1-орын Нысанбай Дінмұхаммед (+90 кг)
2-орын Ерұланұлы Санжар(-90 кг)
2-орын Рахматулла Мансур (+90 кг)
2-орын Швайгерт Злата (40 кг)
2-орын Ямашева Алина (48 кг)
3-орын Елемес Арсен (50 кг)
3-орын Жолдасбек Мағжан (50 кг)
3-орын Досберген Нұрдос (55 кг)
3-орын Наукенова Айзат (44 кг)
3-орын Абдукадырова Севинч (40 кг)