KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды

29.03.2024, 12:10 57 Оразай Жеңісұлы

Ақтөбе қаласында су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Азамат Бекет мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ақтөбе су қоймасында болған судың көлемі бір тәуліктің ішінде 150 миллион текше метрге көбейді. Су қоймасы мұндай көлемдегі суды сыйғыза алмайды. Яғни қалаға түгел қауіп төніп тұр.

«Сондықтан біз суды жіберіп отыруға мәжбүрміз. Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуацияға келісім беріп, үйлеріңізді босатуды сұраймын. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз өте маңызды. Су тасқынымен күресуге көмектесіп жүрген тұрғындарға рахмет. Мұндай қиын жағдайда сіздерді бірлікке шақырамын», - деді Азамат Бекет.

Ақтөбе әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде 73 үйге су кірген. 155 адам эвакуацияланды. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Әкім ешкім назардан тыс қалмайтынын айтты.

Суреттер: Ақтөбе әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив