KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Алтай ауданында су тасқыны жағдайына тәулік бойы бақылау жүргізілуде

instagram/altai_audanynyn_akimdigi

7.04.2024, 17:30 165 Назерке Каримова

Алтай ауданының өзендеріндегі су деңгейінің күнделікті мониторингі үш гидропостпен жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Семей қаласының ҚР ТЖМ қарасты № 68303 әскери бөлімінің 25 әскери қызметшісі аудан аумағында су тасқынына қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілікті етуде.

Қазіргі уақытта аудан аумағындағы барлық каналдарды (10), арықтарды (71), су өткізу құрылыстарын (127) және көпірлерді (24) тазалау аяқталды.

Жыл басынан бері Алтай ауданы бойынша 40,6 мың текше метр қар шығарылды.

2024 жылғы 15-19 наурыз аралығында Бұқтырма өзенінде Зубовск кенті, Тұрғысын, Малеевск, Богатырево және Быково ауылдары ауданындағы ықтимал қауіпті 5 учаскеде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Ұсақталған мұздың жалпы ауданы 113,5 мың шаршы метрді құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу