KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
444.14 477.05 4.85

Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімен кездесті

10.04.2024, 18:10 50 Айжанат Бақытқызы

ҚР Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктермен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әнші су тасқынының салдарынан зардап шеккен жерлестерінің жанынан табылып, арнайы ашылған қайырымдылық қорына 15 миллион теңге қаржы аударды. 

«Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын», – деді әнші.  

Сондай-ақ өнер иесі өзінің жеке парақшасына видео жүктеп, онда өңір тұрғындарымен жүздесіп, орталықтарды аралады. 

«Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып,күшіміз бірлікте екенін айттым. Сонымен қатар қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына барып, волонтер жастармен кездесіп алғысымды білдірдім», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив