Өскемен-Самар жолында көлік апаты болды. Қаза тапқандар бар
Өскемен-Самар тас жолының 25-ші шақырымында жол апаты болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, оқиға кешкі сағат жеті шамасында болған. «Лада Ларгус» және «Лада Гранта» маркалы көліктер соқтығысқан.
«Екі адам оқиға орнында қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жеткізілген. Сағат 22.00-де ауруханаға жатқызылғандардың бірі қайтыс болды», - деп хабарлады ШҚО ПД.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот сараптамасы тағайындалды.
Полиция жүргізушілерді метеорологиялық жағдайды ескеріп жолда сақ болуға шақырады.
Суреттер: ШҚО ПД
Оқи отырыңыз