KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Қазақстан қоржыны Паралимпиадаға апаратын 12-ші лицензиямен толықты

ҚР Спорт және туризм министрлігі

21.04.2024, 21:00 136 Назерке Каримова

Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.

Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа аласында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

- Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2000 м қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен Жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді, ал үшінші орынға 10:01.15. уақытымен Шри-Ланканың спортшысы Приамал Джакоди тұрақтады, - деп хабарлады ҚР Спорт және туризм министрлігі.


2004 жылғы Темірхан Дайырбек Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен тек 1 жыл ғана кәсіби тұрғыда айналасып келеді. Оның жеке тренері - Фаррух Хамракулов.

Бұл қазақстандық спортшылардың Париж-2024 Паралимпиада ойындарына ұтып алған 12-ші лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков,пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Омирали және Нұрлан Домбаев алған болатын.

Айта кетсек 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары биыл Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив