Бұқтырмадағы көпір құрылысы жыл соңында аяқталады (видео)
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін аспалы көпір құрылысы 2021 жылы ақпан айында басталған болатын. Қазір онда қарқынды жұмыс жүріп жатыр.
Аймақ тұрғындары 50 жыл бойы күткен нысан құрлысы жоспар бойынша осы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Нысанды мерзімінде аяқтап, қолданысқа беру үшін уақытша көпір салынған.
Жауапты мамандардың сөзінше, жұмысшылар да, техника да, қаражатта жеткілікті. Қазір 184 адам екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.
Қазақстандағы ең ұзын жол айрығы болып саналатын көпірдің ұзындығы 1300 метрден асады, ал тіректері 40 метрден астам тереңдікке кетеді. Көпір қолданысқа берілген соң Күршім, Тарбағатай және Зайсан тұрғындары облыс орталығына емін-еркін қатынай алады. Өткел тәулігіне 20 мыңнан астам автомобильді қабылдауға қауқарлы.