KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, ОШ
441.58 480 4.86

Үмітке жетелейтін «Үлкен үйдің» көрермені көп болды

30.04.2024, 12:54 79 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскеменде нобель сыйлығы иегерінің қисса-драмасы сахналанып, театр залын көрерменге толтырды. Шығыс Қазақстан облыстық Драма театры египеттік драматург, нобель сыйлығының иегері Нагиб Махфуздың «Біздің көшенің аңыздары» романының желісімен жазылған «Үлкен үй» қисса-драмасын сахналады.

Жаңа қойылымның премьерасында театр залы көрерменге лық толы болды. Өйткені нобель сыйлығының иегері Нагиб Махфуздың шығармасы Қазақстанда алғаш рет сахналанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шытырманға толы драма өмірдің өрнектерінен сыр шертеді. Театрсүйер көрермен шетелдік автордың шығармасынан үлкен ой түйіп, үміттерін үкілеп қайтты.

– Мен облыстық театрдың көрермені осыншама көп болады деп ойлаған жоқпын. Өз басым Астанада жүргенде театр қойылымдарынан қалмай барамын. Бұл жолы Өскеменге келген сапарымда ШҚО Драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болатынан естіп, арнайы барып тамашаладым. Керемет қойылым, зал толы көрермен. Ой түйіп, ойланып қайттым. Жерлестерімнің руханиятқа бетбұрғанын көріп қуанып қалдым. Театр актерлары да қойылымды керемет ойнады. Актерлардың ойнау шеберлігін өте жоғары бағалауға болады. Осындай ой салар қойылымдардың көп болғаны дұрыс, – дейді жазушы Шәрбану Бейсенова.

Қойылым бір шаңырақтан тараған бірнеше ұрпақ әкелерінен теріс бата алып, Ібілістің азғыруымен сан алуан жағдаяттарды бастарынан кешеді. Сонда да балалардың үлкен үйге деген сағынышы, қайта оралармыз деген үміттері үзілмейді. Қойылым осылай өрбіп, көрерменді де үмітке жетелейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив