KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Драма театрының Абай туралы қойылымдарын онлайн тамашалауға болады

Фото: ШҚО Драма театрының баспасөз қызметі

10.08.2023, 12:58 386

ШҚО драма театры Абай күніне орай ұлы ойшылдың шығармашылығы мен өмірінен сыр шертетін бірнеше төл туындыны көрермен назарына ұсынды. Театр өнерпаздарының Абайдың шығармашылығы мен өміріне деген қызығушылығы күн санап артып келеді.

Қазіргі таңда театр репертуарында дана Абайға арналған үш қойылым бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рүстем Есдәулетов 2009 жылы «Атымды адам қойған соң...» эксперименттік спектаклін қойды. Өмірдің мәні мен адамның рухани тазалығы туралы қойылым бұрын-соңды болмаған резонанс тудырды. Республикалық және халықаралық театр фестивальдарының көрермендеріне шығарма терең әсер етті.

2015 жылы ҚР Мәдениет қайраткері Сламбек Жұмағали драматург Кеңес Жұмабековтің пьесасының негізінде облыстық театрдың сахнасында «Замана, неткен тар едің...» драмасын қойды. Ғұламаның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайтын қойылымның маңызы өзекті еді.

Ал 2020 жылы ойшылдың 175 жылдығына орай 10 тамыз – Абай күні ретінде аталып өте бастағанда қоюшы режиссер Татьяна Баева бастаған орыс труппасы М.Әуезовтің «Абай жолы» романының желісі бойынша жазылған «Дорога к Истине» драмасын көрермен назарына ұсынды. Абайдың жастық шағы туралы драма ерекше сюжетімен, философиялық тереңдігімен ерекшеленеді.

Ұсынылған қойылымдар облыстық Драма театрының ресми YouTube арнасында жарияланған. https://www.youtube.com/@user-lg1vk8gi7g/videos

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив