KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 4 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Өскеменге Мұхтар Әуезов театры келеді

10.05.2024, 14:18 83 ALTAINEWS

Қазақ өнерінің қара шаңырағы саналатын Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театры Өскеменге гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Гастрольдік сапар 15-19 мамыр аралығына жоспарланған. Облыс орталығындағы драма театрда «Қозы-Көрпеш Баян сұлу», «Қытайдан жеткен сәлемдеме», «Жүз жылдық махаббат», «Сыған серенадасы», «Бес бойдаққа бір той» атты қойылымдар сахналанады.

Шаһар тұрғындарына трагедия, драма, мюзикл, комедия сынды әртүрлі жанрдағы спектакльдерді тамашалайтын мүмкіндік туып тұр.

Айта кетейік, билет құны: 1-2 қатар – 3000 теңге, 3-4-5 қатар – 2500 теңге, 6-7-8-9 қатар – 2000 теңге, 11-12-13 қатар – 1500 теңге, 14-15-16 қатар – 1000 теңге, 17-18 қатар – 800 теңге.

Билет жөнінде қосымша сұрақ болса, 8 771 311 78 80 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив