Қазақстанның Ұлттық тестілеу орталығы қайта құрылды
Фото: Тurkystan.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті орган болып ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындалды.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында тестілеу өткізу болып белгіленді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.