KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

ШҚО-да бағаны бұрмалаған кәсіпкерлер жауапқа тартылды

фото: depositphotos.com

30.04.2024, 17:01 228 Ынтымақ Толқын

Шығыс Қазақстан облысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Outdoor.kz" ЖШС және "Раммал" ЖК қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің  169-бабы 1-тармағының 2 тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу нәтижесі бойынша ЖШС "Outdoor.kz" әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша Департамент бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактісін, атап айтқанда сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттық, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға бағытталған картельдік сөз байласу фактісін, бағаны манипуляциялауды қоса алғанда, бәсекелестікке қарсы әрекеттер анықтаған. 2024 жылғы 26 қаңтарда ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 226-бабына сәйкес екі ұйымға да анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта берілген барлық нұсқамалар толық көлемде орындалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу