Мемлекет басшысы Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
t.me/aqorda_resmi
Бүгін Италияда ұлттық мереке – Республика күні.
Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
– Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл «G7» дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді іске асыру мақсатында бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты қызметіне толағай табыс, достас Италия халқына бақ-береке тіледі.
Оқи отырыңыз
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдадыҚасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео телефон арқылы сөйлестіМемлекет басшысы Грек Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдадыҚР Президенті Қытай халқын құттықтадыТоқаев Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады