ШҚО әкімі Ассамблеяға автобус тарту етті
Биыл көктемде бірқатар өңір табиғи апаттан зардап шекті. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы су тасқыны салдарынан күрделі жағдайға тап болған аймақтарға алғашқылардың бірі болып көмектесті. Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев жұмыла әрекет еткен еріктілер мен Ассамблея мүшелерін алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ алқалы жиында аймақ басшысы береке-бірлігі жарасқан Ассамблея мүшелеріне шағын автобус кілтін табыс етті.
– Өткен сессияда аудандарды аралап, тәжірибе алмасу жөнінде сөз қозғалған болатын. Сол бастаманы іске асыру үшін сіздерге шағын автобус кілтін табыстағым келіп тұр. Өзге де жоба-жоспарларыңызды жүзеге асыруға септігі тиеді деген үміттемін, – деді өңір басшысы.
Суреттер: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз