ШҚО-да Ассамблея сессиясы басталды
Өскемендегі бірлік пен келісімнің символына айналған этноауылда Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алқалы жиынға Ассамблея Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты сессиясында нақты міндеттерді белгілеп берген болатын.
Сондай-ақ өңірлік сессияға Ассамблея мүшелерімен қатар Достық үйілерінің басшылары, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенділер және мемлекеттік орган басшылары да қатысып жатыр.