Мамандандырылған ХҚКО-лар уақытша жұмыс істемейді
Фото: gov.kz
Қазақстандағы мамандандырылған ХҚКО ақауға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты.
Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеп, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Жүйедегі уақытша кідіріске байланысты көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді. Қазіргі уақытта жауапты мамандар жүйені қалыпқа келтіру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша қызметтерді онлайн режимде eGov.kz порталынан және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы алуға болады.
Оқи отырыңыз