KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Жас жігіттің ағзасы төрт науқастың өмірін сақтап қалды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен

10.08.2024, 13:00 84 Назерке Каримова

ҚР Денсаулық сақтау министрі өзі өмірден өтсе де төрт науқастың өмірін сақтап қалған донордың әкесіне алғыс білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ұзақ уақыт бойы орган трансплантациясын күткен төрт пациенттің өмірін сақтап қалған донордың туыстарымен кездесті, деп хабарлайды деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министр донордың әкесі Войнюш Игорь Романовичке «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, 18 жастағы Войнюш Максим Игоревич қайтыс болғаннан кейін донор болды. 2024 жылдың 15 шілдесінде ол ЖКО-дан кейін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл жеткізілді. Максим мопедті басқарып келе жатып көлікпен соқтығысып, салдарынан ауыр жарақат алады. Дәрігерлердің күш-жігеріне және қарқынды терапияға қарамастан, оның жағдайы өте ауыр болып қалды.

- 2024 жылдың 23 шілдесінде ВЭЭГ-мониторингінің нәтижелері бойынша мидың қайтымсыз өлімі расталды. Туыстары марқұмның органдарын алуға келісім берді. Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық донорлық процесті ұйымдастырды және органдарды алу үшін екі транспланттау бригадасын құрды, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


Шымкент қаласының жүрек орталығында 58 жастағы науқасқа донордың жүрегі трансплантацияланды. Алматыдағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 58 жастағы әйелдің бауыры трансплантацияланды. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 40 жастағы науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды, екінші бүйректі Астанада University Medical Center клиникасында 16 жастағы балаға трансплантациялады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпараты бойынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін 5 донор тіркелді, бұл 19 органды трансплантациялауға мүмкіндік берді. 2023 жылы қайтыс болғаннан кейінгі 7 донор 19 мүшені трансплантациялауға мүмкіндік берді.

Донорлық органдардың «күту парағында» қазір Қазақстанда 4112 пациент бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив