KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Бес адамға өмір сыйлады

Фото: 024.by

26.07.2024, 18:02 103

Қазақстанда миына қан құйылып, инсульт алған 44 жастағы әйел донор болып, бес адамның өмірін сақтап қалды. Дәрігерлер консилиум кезінде пациенттің миы өлгенін айтты. Қиын жағдайда оның туыстары орган донорлығына келісім берді, осылайша бес адамға өмір сүруге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты kazakh_inform телегрмм арнасына сілтеме жасап.

University Medical Center баспасөз қызметі жазғандай, орган трансплантациясын күту парағында тұрған үш пациентке донорлық органдарды  салу операциялары сәтті өтті. Миына қан құйылып, инсульт алған 44 жастағы әйел донор болып, бес адамның өмірін сақтап қалды.

UMC жүрек орталығында дәрігерлердің командасы бұрын жүрегінде LVAD  механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы орнатылған 43 жастағы науқасқа донорлық жүректі салды. Екінші науқасқа донордың  өкпесі орнатылды. UMC Ана мен бала орталығында 15 жасар қыздың бүйрегі донордың бүйрегіне ауыстырылды.

Сондай-ақ, екінші донорлық бүйрек пен бауыр Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында жатқан  пациенттерге трансплантацияланды.

Барлық реципиенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауымен оңалтудан өтеді.

Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың мәліметіне сәйкес,  2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған  7 адам  донор ретінде тіркелді, бұл 19 органды трансплантациялауға мүмкіндік берді.  Ал 2024 жылдың басынан бастап қайтыс болғаннан кейінгі донорлардың саны бесеу болды, бұл 19 органды алмастыруға мүмкіндік берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив