KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Абай облысына қоныс аударушылардың бірі алаяқтық жасап, бюджет қаражатын жымқырған

pexels.com

17.08.2024, 20:00 113 Назерке Каримова

Абай ауданының прокуратурасы ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысушының бюджеттен 4 млн теңге жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Мемлекет қоныс аударушыға тұрғын үйді сатып алуға, құрылысқа немесе ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна үшін 1 160 АЕК-тен аспайтын ақшалай материалдық көмек көрсеткен, - деп хабарлады Абай ауданының прокуратурасы. - Анықталғандай, қоныс аударушы үй иесінен іс жүзінде баспана сатып алмай, жеке пайда алу үшін жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу туралы жалған мәміле жасаған.


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша аудан прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, мемлекетке келтірілген залал өтелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив