KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Көшпенділер ойындарындағы этноауыл: Ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраның ошағы

13.09.2024, 14:14 133 Анель Слямғазықызы

Көшпенділер ойындары – бұл тек спорттық жарыстар ғана емес, сонымен қатар көшпенді халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін қайта жаңғыртатын ерекше шара. Осы ойындар барысында этноауыл маңызды рөл атқарады, себебі ол ұлттық мұраны көрсету мен келушілерді тарихи өмір сүру салтымен таныстырудың негізгі  алаңы. Мұнда киіз үйлер тігіліп, дәстүрлі қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар ұсынылуда. Этноауылдың басты мақсаты – қатысушылар мен келушілерге көшпенді халықтардың өмір сүру салты, тұрмыстық дәстүрлері, салт-дәстүрлері туралы терең түсінік беру. Осындай дәстүрімізді жаһанға паш ететін шараға Шығыс Қазақстан облысынан да қолөнер шеберлері келіп, өз зергерлік дүниелерін әкелген болатын. 

“ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Шығыс Қазақстан облысынан арнайы келіп, этноауылда келушілер қолдан жасалған қазақтың зергерлік әшекей бұйымдарын көріп, сатып алуда. Әсіресе шет елдіктер ерекше қызығушылық танытуда. АҚШ-тан арнайы осы көшпенділер ойындарына келген қонақтар әшекей заттарымды сатып алды”, деді Оралбек Берікқали. 

Көшпенділер ойындарындағы этноауыл ұлттың рухани құндылықтарын дәріптеудің ерекше алаңы болды. Мұнда көшпенді халықтардың тарихы, өмір салты, салт-дәстүрлері қайта жанданып, келушілерге ұлттық мәдениеттің байлығын көрсетуге мүмкіндік берді дейді Шығыс Қазақстаннан келген қолөнершебері Байболат аға. 
“Өзім тастан әшекей, кәдесыйлар жасаймын. Осында біраз дүнилерді алып келдім. Тастан жасалған тұмарлар, моншақтар бар. Шет елдіктер, өзіміздің жерлестер қызығып, сатып алып жатыр” деді Байболат Дәлентаев. 

Осындай көрмелер арқылы басқа өңірлерден  келген қолөнершеберлермен байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік береді деп ағынан жарылды шеберлер.

Көшпенділер ойындарындағы этноауыл – бұл ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраның тірі мұражайы. Ол тек ойындардың сәнін келтіріп қана қоймай, ұлттың бай мәдениетін жаңа буынға жеткізудің маңызды құралы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу