Қазақстаннан Үндістанға, Ресей мен Қырғызстанға бірнеше тонна өнім кері қайтарылды
freepik.com
Үндістаннан жеткізілген күріштің, Қырғызстаннан жеткен жаңғақтың, Ресейден келген картоптың фитосанитарлық сертификаттары талапқа сай болмай шыққан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдегендей, Маңғыстау облысында «Болашақ» ФББ инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімде фитосанитариялық талаптардың бұзылғанын анықтады. Үндістаннан Таразға баратын 66,9 тонна күріш берілген фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеді.
Астана қаласы АИ инспекторлары «Астана халықаралық әуежайы» ФББ-де Ресей Федерациясынан авиарейспен фитосанитариялық сертификатсыз келген көшеттерді анықтады, бұл жүк импорттаушы елге қайтарылды.
Ресей Федерациясынан келіп түскен ағаш материалдарына (75,5 м3) қайталама бақылау жүргізу кезінде Көкшетау ҚАИ және Абай ААИ (Қарағанды облысы) инспекторлары қара қарағайдың тірі дер нәсiлдерiн тапты. Өнім иелеріне қатысты барлық фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Бұдан басқа, Орал қаласы АИ инспекторлары міндетті қайталама бақылауға мақсары(импорттаушы ел-Ресей) ұсынбаған үшін өнім иесіне әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалар жасады.