KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Орманды отағандар іздестіріледі – ШҚО

10.04.2023, 15:30 288 Оразай Жеңісұлы

Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері заңсыз ағаш кесу фактісін тіркеді.

Оқиға орны – Ұлан ауданы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде Тарғын ауылдық округінің аумағында Тарғын өзенінің жағасынан ағаш түбірлері табылды», деп мәлімдеді инспекция.

Инспекция өкілдерінің айтуынша, заңсыз кесілген ағаштың көлемі 25,23 текше метр. Табиғатқа келтірілген залал 87 мың теңгеден асады.

«Материалдар Ұлан ауданының полиция бөліміне берілді», – деді инспекция.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу