Тасжол бойындағы бір жарым тонна шөп жанып кетті – ШҚО
Өскемен-Риддер тасжолының бойында бір жарым тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қасақана өрт қойылды деген болжам бар. Оқиға 7 тамызда сағат 21:00 шамасында болған.
Тілсіз жаумен күреске Глубокое ауданының Черемшанка ауылындағы өрт сөндіру бекетінің қызметкерлеріне жұмылдырылды.
- «Понедельник» ЖШС-ның күзетшісі қоңырау шалып, тасжол бойында шөп өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт 23:00-де сөндірілді. Қасақана өрт қойылған болуы мүмкін. Материалдар полицияға берілді, – деп мәлімдеді Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.
Оқи отырыңыз