ШҚО-дағы екі қалаға ауыл мәртебесі берілетін болды
Шығыс Қазақстан облысындағы екі қалаға ауыл мәртебесі берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі кезде еліміздегі 48 аудандық маңызы бар қаланың 13-і халық саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді, себебі қолданыстағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңға сәйкес аудандық маңызы бар қалаларға халқының саны 10 мың адамнан кем емес елдімекендер жатады.
Осылайша Ұлттық экономика министрлігі қала мәртебесінен айырылатын Қазақстандағы аудандық маңызы бар 13 қаланың тізімін жариялады. Олар:
1. Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы Степняк қаласы (халқының саны 4576 адам);
2. Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Ерейментау қаласы (халқының саны 9736 адам);
3. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласы (халқының саны 6159 адам);
4. ШҚО Жарма ауданындағы Шар қаласы (халқының саны 7424 адам);
5. ШҚО Алтай ауданындағы Серебрянск қаласы (халқының саны 8791 адам);
6. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласы (халқының саны 8681 адам);
7. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласы (халқының саны 7736 адам);
8. Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласы (халқының саны 2426 адам);
9. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем қаласы (халқының саны 1771 адам);
10. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы (халқының саны 6445 адам);
11. СҚО Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы (халқының саны 7370 адам);
12. СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы Булаево қаласы (халқының саны 8299 адам);
13. СҚО Мәмлүт ауданы Мәмлүт қаласы (халқының саны 6981 адам).