KZ
Өскемен
-19°
ясно жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

ШҚО картасынан екі қала жоғалуы мүмкін

24.12.2019, 04:56 288

Еліміздің бірқатар елді мекендері қала статусынан айырылуы мүмкін. Оған себеп – халық санының аздығы, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұлттық Экономика министрлігінің ақпараты бойынша, кейбір қалаларда халық саны азайып барады екен.

ҚР «Әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, аудандық маңызы бар қала статусын белгілейтін басты критерий -  халық саны он мың адамнан аз болмау керек.

Қазіргі таңда бұл критерийге 13 қала сай келмей тұр. Қалалық статустан айырылуы мүмкін елді мекендердің тізіміне Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск пен Шар қалалары, Ақмола облысындағы Степняк, Державинск, Ерементау, Қарағанды облысындағы Қарқаралы, Қызылыорда облысындағы Қазалы, Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко, Солтүстік Қазақстанда Мамлютка, Сергеевка, Булаево, Ақтөбе облысындағы Жем, Темір  қалалары кіріп отыр.

Аталған қалалардың статусы өзгеретін болса, олар ауылдық елді мекенге айналады.

Заңда "ауыл – 50 адамнан кем емес халқы бар елді мекен" деп көрсетілген.

Елімізде қаланы ауылға ауыстыру бойынша белгілі бір механизм жоқ. Алайда министрлік осы бағытта ұсыныстар әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, бұл мәселеде жергілікті халықтың пікірі де ескеріледі екен.

 

Дереккөз: nur.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу