KZ
Өскемен
-22°
переменная облачность Штиль
520.27 537.65 5.24

"Санитарлық талапты күшетуді сұраймыз" - семейлік ардагерлер

29.10.2020, 08:41 113

Шығыс Қазақстанда карантин талаптарының күшейтілуін Семей жұртшылығы қос қолдап қолдап отыр.

Әлемді жайлаған дерттің екінші толқыны батыс елдерінде басталып кетті. Мамандардың айтуынша біздің елімізді де айналып өтуі екіталай.

Еліміздің амандығы үшін барлық санитарлық талаптарды күшейткен жөн.

Сондықтан біз, облыс басшылығын және бас санитарлық дәрігерді санитарлық талаптарды күшетуді сұраймыз, себебі соңғы күнгі деректерге сәйкес біздің аймақ дерттің таралуы бойынша көш басында тұр. Ауру өршіп барады, сондықтан халықтың денсаулығын сақтап қалу шараларын дереу қолға алу қазет деп санаймын. Бұл жағдайдың одан әрі ушығып кетпеуін шектеуге бағытталу керек. Оған, халқымыз түсіністікпен қарап, бір атаның баласындай бірігіп, қойылған талаптарды орындағанымыз абзал.

Мемлекет басшысы айтқандай, қазіргі кез той тойлайтын емес, ой ойлайтын заман. Сондықтан, еліміздің болашағын ойласақ артық қыдырыс, той-думаннан бас тартып, отбасымыздың ортасында уақытымызды өткізу керек. Ұл-қызымыздың, отбасымыздың, одан қала берді еліміздің ертеңгі саулығы – бүгінгі сақтық шараларының жемісі болмақ!

Амантай Доғалақов - Семей қаласының ардагерлері Кеңесінің төрағасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу