KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
524.02 545.19 5.09

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауға байланысты конференция өтті

19.10.2020, 07:36 294

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметік жағынан қорғау мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Қазан айы қайырымдылық айы болып жарияланған. Ағымдағы айдың соңына дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін олардың денсаулығын, тұрғын үй жағдайын  жақсартуға бағытталған акциялар ұйымдастырылатын болады. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде барлық санитарлық нормаларға сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

Облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау тақырыбына ZOOM платформасында ұйымдастырылған конференция барысында өңірдегі ерекше жандардың карантиндік шектеулер енгізілген пандемия кезінде де назардан тыс қалмағаны айтылды. Республикалық бюджет есебінен азық-түлік-тұрмыстық жиынтыққа (5567 теңге) қаражат бөлінді, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша наурыз және шілде айларында бетперделермен қамтамасыз етілді. "Біз біргеміз" акциясы аясында мұқтаж жандар 50 мың теңге сомасында бірреттік көмек алды, қазан айында бұл көмекпен 2,3 топтағы мүгедектер де қамтылды. Әсіресе қоғамдық көлік қозғалысы шектелген төтенше жағдай кезінде әлеуметтік және инватаксилердің қызметі үлкен сұранысқа ие болған. Өскемен қаласында аталмыш қызмет түріне  жыл басынан бері төрт мыңнан астам өтініш түсіпті.

Биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік мемлекеттік қызметті электронды порталда көрсету кезең-кезеңмен енгізілген болатын. Қазір порталда  бес қызмет түрі қолжетімді.

Кеңес барысында Семей қаласында ерекше балаларды дамыту үшін қосымша орталық ашу, сондай-ақ Өскемен қаласындағы жібек-маталар қалашығындағы жаңа шағын ауданға қоғамдық көлік бағыттарын ашу мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтініштер келіп түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу