KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Глубокоеде спорт кешені, Өскеменде зертхана жыл соңына дейін беріледі

10.12.2018, 10:14 159

Биыл облыста 14 әлеуметтік нысанның құрылысы жүрген. Соның 4-еуі толық аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Олар – Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы 320 орындық және Аягөз қаласындағы 600 орындық мектептер, Өскемен қаласы Күленов кентіндегі 212 келушіге арналған емхана, Абай ауданы Қарауыл ауылындағы жүзу бассейні.


Тағы екі нысан жыл соңына дейін тапсырылуы керек – Глубокое кентіндегі Дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Өскемен қаласындағы көпбейінді зертхана.


Ал қалған 8 нысан, атап айтсақ Өскемендегі 200 төсек-орындық балалар ауруханасы, 1 мың орындық екі мектеп, Жаңа Согра кентіндегі мектепке қосалқы ғимарат, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 600 орындық мектеп пен оның 300 орындық интернаты, Семейдегі «Абай Арена» стадионы келер жылға ауысып отыр. Олардың аяқталу мерзімі 2019 жылға жоспарланған. Тағы екі нысан – Семейдегі Радиология орталығы мен Өскемендегі арнайы Тұрғындарғы қызмет көрсету орталығы аяқталмаған нысандар тізімінде тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив