KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
497.88 518.59 5.44

Аягөз бен Көкпектіде шынықтыру-сауықтыру кешені салынды – ШҚО

14.10.2020, 07:24 174

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жыл басында 27 әлеуметтік-мәдени нысанның құрылысы басталған еді. Қазір бес нысан бой көтерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, мына нысандардың құрылысы толығымен аяқталды:

Аягөз және Көкпекті аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
Абай ауданына қарасты Қарауылдағы 300 орындық мектеп және Ақшоқыдағы Құнанбай мұражайы;
Шар қаласындағы спорт кешені.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Үржарда жүзу бассейні мен спорт модулі кешені, Күршімде 40 адамға арналған тағы бір жабық бассейн салынып жатыр.

– Жыл соңына қарай облыс орталығындағы медициналық колледж бен Семейдегі бизнес және сервис колледжінің 700 орындық жатақханалары салынады, – деп жазды Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу