KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Университеттерде жаңа мамандықтар пайда болады

10.12.2018, 06:00 306

Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жоғарғы оқу орындарында бүгінгі нарыққа қажетті мамандықтарды оқыту керектігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– «Адам капиталын дамыту» бағытында жастардың бойындағы шығармашылық қабілетін дамытып, сын көзбен қарауға қарауға үйрету үшін мектептің екінші сыныбына «Бағдарламалау негіздері» пәні енгізілді, – деді Дәурен Абаев.


Оның айтысынша, техникалық, кәсіби жіне жоғарғы білім беру саласындағы реформа аясында заман талабына сай мамандар даярлауға назар аударылып жатыр.


– Болашақ Институтының жобалауынша, 2030 жылы 85 пайыз сужаңа мамандықтар пайда болады. Қала киберналитігі, жобалаушы, генетикалық кодтың редакторы, цифрлық тігінші және адамдар мен мәшинелердің ұжымдық жұмысының менеджері сынды қазіргі уақытта мүлдем жоқ мамандықтар пайда болуы мүмкін, – деді Дәурен Абаев.


Сондықтан да, өзі айтқандай, жоғарғы оқу орындарда бүгінгі нарыққа қажетті мамандықтарды оқытылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив