KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Үржар ауылындағы әуежай қалпына келтіріледі

7.12.2018, 11:33 119

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуниакациялар қызметінде өткен брифингте журналистер қойған Алакөл жағасының дауылдан бүлінуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Иә, табиғатқа қарсы тұру мүмкін емес. Қатты жел соғып, жағалауды бүлдірді. Бірақ, қираған аумақ соншалық ауқымды емес. Оның бәрі келер жылы қалпына келтіріледі. Біз қазір жаңа жоба бастағалы жатырмыз. Толқындарға қарсы бөгеттер саламыз.  Алакөл жағалауын абаттандыруға бюджеттен 5,2 миллиард теңге қаржы бөлінген. Жазда жағалауда 500 мыңнан астам адам демалды. Мақсатымыз – алдағы үш жылда келушілер санын миллионға дейін жеткізу. Абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасады, саябақ кеңейтіліп, жағалау маңындағы Қабанбай ауылында мұражай ашылады, Үржар ауылындағы әуежай қалпына келтіріледі.


Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта көл жағасында 100-120 орынға арналған төртжұлдызды қонақүй құрылысы бойынша үздік жобаға конкурс жаиялау жоспарланған. Конкурс жеңімпазы құрылысты жеңілдікпен қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив