Аягөзде «Мағжан оқулары» атты апталық өтті
«Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында, Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, «Мағжан оқулары» атты апталық өтті.
Алаш арыстарының бірі Мағжан Жұмабаев – түркі халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігін жүрегінен өткізе жырлаған ақындардың бірегейі. «Мағжан оқулары» барысында №4 орта мектептің 7-8 сынып оқушылары, К.Бозтаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары мен жетекшілеріне бейнеслайдтар көрсетілді. Мағжан поэзиясы ұлттық рухқа толы, оның өлеңдерінің ерекшелігі де осында. Музей қонақтары экспозициялық бөлімдерді қызыға тамашалады.
Оқи отырыңыз