KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

JasREPUBLIC CUP - Енді дебаттар әлемдік форматта өтеді

Кеше, 18:10 32 Назерке Каримова

Енді Қазақстанда дебаттар жаңа форматпен өткізіледі. Бүгін дебаттарды әлемдік стандарт бойынша  Шығыс Қазақстан облысының оқушылары алғаш рет өткізіп көрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан бойынша бір мезетте әр облыста оқушылардың JasREPUBLIC CUP аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Бұл облыстық турнирге облысымыздың әр өңірінен 14-15 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Дебат халықаралық мектеп пікірсайыс форматында (WSDF) өтті. 

– Пікірсайыс – мектеп оқушыларына жаңа тақырыптармен танысуға, ақпаратты іздеуге және өңдеуге, дау стратегиясын анықтауға, оппонентті тыңдауға және командада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін зияткерлік, лингвистикалық, коммуникативтік дағдыларды дамытудың ең тиімді құралдарының бірі. Жастар – еліміздің болашағы. Оларды тыңдау, қоғамдық ортаға, азаматтық ұстанымға бейімдеу бүгінгі іс-шараның негізгі өзегі, - деді пікірсайыстың басты демеушілері Respublica партиясы Орталық аппаратының басшысы Жанат Ысқақов.


Пікірсайыстың басты талабы ойыншылар бұрын-соңды дебатқа ешқашан қатыспаған болуы керек.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша  Назарбаев зияткерлік мектебі 1-орынға, Риддер қаласының «Шаңырақ» мектебі 2-орынға, Күршім ауданының оқушылары 3-орынға ие болды.

Аймақтық турнир жеңімпаздары 25 қазан – Республика күніне орай, Астанада өтетін тұңғыш Ұлттық пікірсайыс турниріне қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив