Бұқтырма көпірі Республика күні ашылады (видео)
Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев шығыс тұрғындарымен өткізген кездесуі барысында жеткізді, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі.
2019 жылы Мемлекет басшысы Бұқтырма су қоймасынан өтетін көпір салуды тапсырған болатын. 5 жылда көпір құрылысы мәресіне жетіп, енді көлік қатынасына дайын.
- Өткен жылы Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын қадағалауға байланысты аймаққа жұмыс сапарымен келіп, құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтап, көпірдің ашылуын 25 қазан - Республика күніне орайластыруды ұсынды. Бүгін біз жобаны аяқтау жұмыстарымен танысып, оны іске қосу бойынша орталық орган тарапынан қандай көмек керегін білуге келдік, - деді Марат Қарабаев.
Ақерке Рағызбаева
Оқи отырыңыз