KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да жаңа мұражай пайда болады

27.11.2018, 06:54 141

Шығыс Қазақстанда 2019 жылы археология және заманауи өнер мұражайы құрыла бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Соңғы үш жылда аймақта жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде 19 мыңнан астам құнды жәдігерлер табылып отыр. Осы жәдігерлердің негізінде ШҚО-да Қазақстандағы алғашқы археология және заманауи өнер мұражайы ашылмақ.  Жаңа мәдение нысанның ғылыми тұжырымдамасын облыстық тарихи-өлкетану мқражайы мен Семейдегі Невзоровтар отбасының бейнелеу өнері мұражайының қызметкерлері әзірлеп отыр.


Болашақ мұражай ғимаратының жобасы әзір. Оның сәулеттік пішіні төрт сәулелі жұлдыз түрінде жасалған. Бұл Евразия құрлығының ортасын білдіреді екен. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрді құрайды. Экспонаттар он экспозициялық және сегіз көрмелік залдарда орналастырылады. Қор қоймасының аумағы - 3300 шаршы метр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив