Шалағайлықтың кесірінен Семейде мәшине шұңқырға түсіп кетті
Семейде шалағай істің кесірінен жеңіл мәшине шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Экспресс К сайтын нұсқап.
Жұмыр жерге аяқ астынан жан бітті ме? Қалайша көліктің дөңгелегін тартып алып кетті?
Аталмыш сайттың жазуынша, бұл жерде жуықта жылу жүйелері жөнделіпті. Көріп тұрғандарыңыздай, жөндеу жұмыснан кейін шұңқыр жақсылап жабылып, әбден батталмағанға ұқсайды. Көліктің салмағынан опырылып түскен.
Әлеуметтік желі қолданушылары көлік иесіне тезірек сотқа шағымдануға кеңес беріп жатыр.
Айта кетейік, жуықта көлігіне ағаш құлаған Семейдің бір тұрғыны қала әкімдігінен 175 мың теңге өндіріп алған болатын.