KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Жүрек ауруының басты факторы - эмоция

14.11.2018, 03:14 159

Туа бітті ақаумен қатар, бақытсыздық, кедейлік пен күйзеліс, теңсіздік секілді эмоционалды факторлар да жүрек ауруларын тудырады дейді танымал кардиолог, бірнеше кітаптың авторы Сандип Джаухар.


Оның The New York Times басылымында жарияланған «Эмоция жүрекке қалай әсер етеді?» атты мақаласында жүрек ауруларына себепші бірден-бір фактор – адамның эмоциясы екендігін айтылған.


«Жүз жыл бұрын Карл Пирсон бейіттерді аралап жүріп, әйелдер мен олардың күйеулерінің қаза тапқан уақыттарының бір-бірінен алшақ еместігін байқаған. Кейінірек түрлі зерттеулер нәтижесінде күйзеліс пен үміттің үзілуі, торығу мен рухтың түсуі де адам денсаулығына әсер ететіні, оның ішінде жүрекке салмақ түсетіні анықталды», - деп жазған автор такоцубо кардиомиопатиясы атты ауруға тоқталып.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив