KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Қазақстанның Ашық университетінде тегін білім алуға болады

11.11.2018, 09:12 114

Еліміздегі Ашық университетті білім алуға ниетті кез келген адам тегін оқи алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш порталда еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының оқытушыларының онлайн-дәрістері ұсынылады. Бірінші кезеңдегі негізгі мақсатты аудитория – жоғарғы сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, мүмкіндігі шектеулі жандар, шалғай жатқан аудандардың тұрғындары. Бұлардың белгілі бір себеппен білім алуға мүмкіндіктері жоқ. Сондай-ақ, онлайн-курстарды меңгеруге ниетті кез келген адам да оқи алады. Бұл туралы ОpenU.kz базалық сайтында жарияланып отыр.


Ашық университеттің ерекшелігі неде? Ең алдымен, бұл білім беруші мекеме емес, оның түлектеріне диплом берілмейді. Жоба коммерциялық емес, әлеуметтік болып табылады. Платформада орналастырылған барлық курстар тегін әрі ешқандай талапсыз қолжетімді. OpenU.kz білім беру порталының платформасын әлемегі жетекші екі университеттің (Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институты) мамандары құрған.


Бүгінгі таңда порталдың қолданушыларына 10 курс ұсынылып отыр: «Ақпаратты тарату жүйесі», «Бизнес-жоспарлау», «Java тілінде компьютерлік ғылымға кіріспе », «Матрицалар және анықтауыштар», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік», «Робототехника», «Фурье талдауы», «Python тiлiнде бағдарламалау негiздерi», «Scratch бағдарламалау тілімен анимация және ойын құру», «Web-бағдарламалау негіздері». Жыл көлемінде оқытылатын онлайн-курстар жаңартылған платформада да қолжетімді болады. Сондай-ақ, мұнда математика, физика, информатика, бизнес-жоспарлау мен басқару, Web-бағдарламалау, автоматтандырылған өқрылғыларды әзірлеу, бағадрламалаудың күрделі тілінде үлгілеу бойынша дәрістер бар.


Бірегей онлайн-контенттің 80 пайызы қазақ тілінде берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив