KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.55 533.75 5.36

"KAZ Minerals Aktogay” жылына 25 миллион тонна кен өндіреді

6.11.2018, 03:28 253

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз ауданына барды. “KAZ Minerals Aktogay” мыс кен орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кәсіпорын қазіргі уақытта жыл сайын 25 миллион тонна кен өндіреді. Басшылық жұмыс өнімділігін бұрынғыдан екі есе өсіруді жоспарлап отыр.


Кәсіпорын жетекшісі Олег Новачуктың айтысынша, мұнда әлемдегі ең ірі тау-кен диірмені салынбақ. Қазіргі уақытта іргетасы қаланып жатыр. Ал бір айдан кейін мердігерлер металл құрастырылымдарды орната бастайды. Сосын қажетті жабдықтар келтіріледі. Жобаның жалпы құны – 1,2 миллиард доллар.


Мамандардың болжауынша, бұл кәсіпорын алдағы екі жылда мыс өндіру ісінде әлем бойынша алдына қара салмайтын болады.

Облыс әкімі бұдан бөлек кәсіпорын маңындағы мамандар даярлайтын орталықпен де танысты.


Аталмыш бағдарлама бойынша, онда аймақтағы колледж бен университеттерді бітіріп келген 40 жас үйреніп жатыр. Келер жылы үйренушілердің қатары 238-ге дейін артпақ. Кәсіпорын басшылығы көбіне геологиялық барлау, политехникалық және электротехникалық колледждердің түлектері жұмысқа қабылданып жатқандығын айтты.


Аймақ басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалады. Белгілі бір оқу орындарымен ғана шектелмей, Өскемен мен Семейдегі өзге де білім ошақтарымен байланысқа түсуді тапсырды. Мұндай байланыстар арқасында маман даярлауда көп қиындық тумайды, сондай-ақ оқу орындары қажетті заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілетіндігін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив