KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 0,8 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

"Жер үсті өткелінің" мерзімі тағы да шегерілді

29.10.2018, 08:43 121

Өскемен қаласы Спорт сарайы аялдамасындағы жаяу жүргіншілер көпірінің қолданысқа берілетін мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізде болса, көп жерде «жер үсті өткелі» деп айтылып, жазылып жүрген бұл көпірдің қазан айының соңында дайын болатындығын, мердігерлік ұйымға осындай тапсырма бергендігін айтқан болатын қала басшысы Жақсылық Омар.


Сөйтсе де, көпірдің пайдалануға берілетін мерзімі бір айға шегерілді. Бұл туралы сол шаһар әкімдігі хабарлады.


Тұрғындар осы мәселеге қатысты әлеуметтік желілерде жарыса жазып, алаңдаушылық тудыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив