KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Қуат Тұмабаевтың орнына Өскемендегі "Нұр Отан" партиясы филиалына жаңа басшы тағайындалды

16.10.2018, 10:27 92

«Нұр Отан» партиясының Өскемендегі филиалына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскеменнің бұрынғы әкімі қала басшысының қызметімен қатар шаһардағы «Нұр Отан» партиясының да жұмысын жүргізген болатын.


Қуат Тұмабаев жұмыстан кеткен соң партия филиалы басшысының да орны бос тұрғаны белгілі. Бүгінгі өткен жиында осы орынға кімнің тағайындалатындығы туралы сұрақ қойылған еді зал тарапынан.


– Өздеріңіз білетіндей, Қуат Тұмабаевтың басқа жұмысқа кетуіне байланысты бұл орын да бос тұр. Біз ол орынға Жақсылық Омар мырзаны ұсынамыз, – деді мінбердегі кісі сауал иесіне жауап қатып.


Бұл ұсыныс бірауыздан қабылданды.


Жақсылық Омар қызметке кірісуге дайын екендігін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив