KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,9 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Шығыста өнім өңдеу кәсіпорындарының қуаты артады

10.10.2018, 08:46 120

Өңірдегі ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың орташа жылдық қуаты кезең-кезеңімен арттырылатын болады.


Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында атқарылар жұмыстарға арналған аппараттық кеңес барысында мәлім етті.



Биыл «ТАНГ ТИН» ЖШС май өнімдерін өңдеуді 250 мың тоннаға дейін жеткізбек. Келесі жылы ет өңдеу бойынша жобалар жүзеге асырылып, оның көлемі 2021 жылға қарай 51 мың тоннаға дейін артады. Облыс сүт өнімдерін өндіру бойынша алдыңғы шепте. Облыс әкімінің айтуынша, өңір кәсіпорындарының әлеуеті жылына бұдан да көп сүт өндіруге қауқарлы. 2018-2022 жылдарға арналған ауылшаруашылық саласын дамыту бағдарламасы жасалған.Бағдарлама аясында алдағы екі жылда «Эмиль» кәсіпорнының сүт өнімдерін өңдеу қуатын 182 мың тоннаға жеткізу көзделген. Сондай-ақ өңірдегі астық өңдеу кәсіпорындарының қуатын 355 мың тоннаға арттыру мақсаты қойылған.


- Азиялық даму банкімен бірлесіп 82 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Облыстың мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 2022 жылға дейін аналық мал басын 150 мыңға көбейту міндеті тұр. Осы кезеңге дейін 40 мың басқа арналған 21 өндірістік бордақылау алаңы мен 6600 басқа лайықталған 20 тауарлы-сүт фермасын және қуаты 16 мың тонналық 25 сүт қабылдау пункттерін құруымыз керек, - деді облыс басшысы.


Даниал Ахметовтің айтуынша, 2022 жылға дейін халықтан сүт сатып алу көлемін 54,4 мың тоннаға жеткізу қажет. Бұл жергілікті сүт өңдеу кәсіпорындарының қуатын 29 пайыздан 80 пайызға дейін арттырмақ.


Жалпы өңірде соңғы үш жылда халықтан сүт сатып алу көлемі 6,7 есе өскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив