KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3,2 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да он шақты балабақша жеке меншікке беріледі

10.10.2018, 07:56 146

2019 жылы Риддерде он шақты балабақшаны жеке меншікке беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл шаралар жергілікті әкімдіктің бастамасымен жүзеге асырылмақ. Келісімнің міндетті шарттары білім беру мекемесінің бейіні мен жұмысшылар штатын сақтау, міндеттерді орындау, мекемені тиісті жағдайда күтіп ұстау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы білім беру нысандарына қойылатын талаптар мен нормаларды қамтамасыз ету болып табылады.


Айта кетсек, қыркүйекте Риддердегі "Дельфин" мемлекеттік балабақшасы мен Зырян ауданындағы "Ладушки" балабақшасы жеке меншікке берілген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив