KZ
Өскемен
+6°
ясно Штиль
479.05 534.57 5.17

Өскеменнің маңынан тағы бір мұсылмандар зираты ашылатын болды

4.10.2018, 12:06 151

Шығыс кенті тұрғындарының ұсынысымен Өскеменнің маңынан тағы бір мұсылмандар зираты ашылатын болды. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омардың кент тұрғындарымен кездесу сәтінде айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Қазір қайтыс болған кісілерді анау Айыртауға, болмаса Бозанбайға жерлеп жүр ағайындар. Желдіөзекке апаруға екінің бірінің жағдайы келе бермейді. Бұл маңайда орыстардың зираты бар, мұсылмандардікі толып кеткен. Мен осы мәселені көтеріп тиісті есіктерді тоздырғаныма біраз жыл болды. Іргеміздегі Төлеген Тоқтаров ауылының маңынан екі гектар жер де алып қойғамыз. Бірақ, ол жерді қоршау керек, қыстың суығында қабыршылар бой жылтатын шағын үй керек, - Ново-Явленка ауылы ақсақалдар кеңесенің төрағасы Төлеуғазы Байтөреев.



Бұл мәселенің бұрыннан көтеріліп келе жатқанын білтінін айтқан Жақсылық Мұқашұлы тиісті орындарға тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив