Түрмеге кәмпит ішіне есірткі тығып әкелген
pixabay.com
Өскемен қаласындағы №22 түзеу мекемесіне есірткі кіргізбек болған ер азамат ұсталды.
Жазасын өтеушінің танысы жасыл түсті ұнтақ зат салынған 12 пакетті тәтті тағамдардың әрқайсына орап салған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Күдікті есірткілерді кәмпит мен круасан, құрма қораптарына және ылғалды майлық ішіне жасырып, түрмеге кіргізбек болған. Алайда Ұлттық ұланның сәлем-сауқат бөлмесінің бақылаушы қызметкері мен түзеу мекемесінің мамандарының қырағылығының арқасында ер азаматтың жымысқы әрекеті жүзеге асқан жоқ, - деп хабарлады ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындады.
Оқи отырыңыз